Ұйымдар тізімі

Сәлеметсіздер ме!
Сіздерді Новочеркасс орта мектебі қуана қарсы алады.Біздің сайт парақшамызға қатысқандарыңызға алғыс айтамыз. Жаңашылдықтың биігіне талпынған мектебіміздің қоғамдық өміріне ат салыса қатысқандарыңызға ризамыз.
Мектеп – ол әр баланың сәттілікке толы алғашқы жеңіске жете отырып, әлеуметтік және жан- жақты тәжірибе алатын үлкен орын.
Оқушы жетістігі – бұл жұмысымыздағы ең басты критерий, дегенмен, әр бала талантты екендігін ұмытпауымыз керек . Біздің миссиямыз- әр баланы біліммен сусындандыра отырып, өзіндік қабілетін аша білуіне , сондай – ақ оны дамыта білуіне ықпал ету, әсер ету.
Ұстаздарымыздың оқытушылық қызметі саласындағы ерекше көңіл бөлетін орта ол – оқушы.Оқушыларымыз- бәсекеге қабілетті, Қазақстанның болашағы бола алатын жеке тұлға.Мұндай жеке тұлғаны қалыптастыру жолында біздің ұстаздарымыз әр жеке тұлғаның қабілетіне сай лайықты тәсілдерді қолданады. Мектеп ұжымы үнемі биік белестерге жетуге талпынып , шығармашылық жетістіктерге қол жеткізіп, жаңаша технологиялық тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізіп отырады.
Оқушының сабақтан тыс тәжірибелік қабілетінің дамуына қатты көңіл бөлеміз.
Мектеп оқушыларының әртүрлі үйірмелерге қатысуына үлкен мүмкіндіктері бар.
Әр баланың өзіндік ерекше қабілеттілігі түрлі байқауларға , олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатысу барысында шыңдалып отырады.
Біз мектеп қабырғасында осындай қонақтарымызды қабылдауға қуаныштымыз және қоғамдастық ұйым қалыптастыруға , серіктес болуға дайынбыз.
Біз сіздерді біздің сайт парақшаларын жиі қарап, талқылау , талдау жұмыстарына қатысуға , сын – пікір қалдыруға шақырамыз.
Мектеп директоры Альмаханова З.Ж.
28.10.2025
IQanat Олимпиадасының I кезеңі.
Қазақстан бойынша IQanat Олимпиадасының I кезеңі басталды. Зияткерлік сайысқа мектебіміздің 15 сегізінші сынып оқушысы қатысты. IQanat олимпиадасының бірегейлігі, оқушының академиялық үлгерімі мен мектептегі бағаларына қарамастан, әр балада жеңіске жету мүмкіндігі...
28.10.2025
Бастауыш сыныптар онкүндігінің жабылуы
Бастауыш сыныптар онкүндігінің соңында 1 тоқсан ішінде өткен конкурстарға,көрмелерге және олимпиадаға қатысқаны үшін бастауыш сынып оқушылары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
22.10.2025
Бастауыш мектепте ашық сабақ
14 қазан күні КММ «Новочеркасское негізгі мектебі» 2 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Ызың дыбыстармен келетін тіркестердің емлесі. Достықты қадірле» тақырыбында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, ашық саяхат-сабағы өтті. Сабақты...
17.10.2025
Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі.
17 қазанда біздің мектепте алғаш рет қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі өтті. Олимпиадаға 9,10,11 сынып оқушылары қатысты.
17.10.2025
Қаржылық сауаттылық бойынша республикалық диктант.
Мектеп оқушыларын оларды ағарту және қаржылық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру арқылы алаяқтық схемаларға тартудың алдын алу мақсатында «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ оқушылары қаржылық сауаттылық бойынша республикалық диктантқа қатысты. Диктант...
14.10.2025
Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы-2025-2026 оқу жылы.
2025 жылғы 13 қазанда бастауыш сынып оқушылары үшін Бастауыш сыныптар апталығының ашылуына арналған жиын өткізілді. Ұстаздарының жетекшілігімен оқушылар мектеп пәндері, алдағы аптаның жұмыстары туралы өлеңдер оқыды. 2 «А» және 3 «А» сынып оқушылары «Ұстаз...
13.10.2025
Дене шынықтыру және спорт онкүндігінің ашылуы.
13 қазан «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» дене шынықтыру және спорт онкүндігі басталды. Шара дәстүрлі таңғы жаттығулармен ашылды. Онкүндікте мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды тарта отырып, «Көңілді старттар», волейболдан жарыстар, ұлттық спорт...
30.09.2025
Пәндер бойынша кіріспе диагностика
29-30 қыркүйек 2025 оқу жылында "Новочеркасс ауылының ЖОББМ" КММ 3, 4-сынып оқушылары математика, қазақ тілі, орыс тілі және жаратылыстану пәндері бойынша кіріспе диагностикасын тапсырды.
28.08.2025
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау. «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де үйде тегін оқуға құжаттарды қабылдау кызметі...


IQanat Олимпиадасының I кезеңі.