«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар

28.03.2017

Ұлттық

ойындар

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:

Қазақтың  ұлттық ойындарын  жүргізу арқылы оқушыларды туған елге,жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету. Оқушылардышапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.

  «Орамал тастамақ» ойыны.

Ойын ережесі: Ойыншылар екі топқа бөлінеді.Екі топ бір-біріне қарама –қарсы қатарға тұрады.Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді.Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да, «қа» деп дауыстайды,ол қағып алып, «ғаз» -дейді.Ойын осылайша жалғаса береді.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөі шығатындай 2-ші буынын уақытында дәл айта алмаса,онда ортаға шығып,өнер көрсетеді.

  «Сиқырлы таяқ» ойыны.

Ойын ережесі:Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбердің бойында тұрады.Ойын жүргізуші қолында таяғы бар,шеңбердің ортасына шығып,ойынға қатысушыларды 1-10-ға дейін нөмірлеп шығады.Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп кез келген бір нөмірді шақырады,шақырған нөмірдегі ойыншы таяқты жерге құлатпай

қағып алса,өз орнына барып тұрады.Ол таяқты ұстай алмай қалса,көптің ұйғаруымен,өнерін кқрсетеді.Барлық ойыншы бір-бір реттен ойнауы керек.

Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

  Этнограф– ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мыңжылдықта қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.

  Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

Ендеше,ұлттық ойындарға жеке тоқталып өтейін.

1.Қыз қуу – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

  2.Алтыбақан. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру

мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.

  3.Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен

адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

4.Аударыспақ – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

5.Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу.

  Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату,садақ тарту.

6.Ат сайысы- спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

7. Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25- 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен астар мен зор мерекелердежарияланады.

8.Қазақша күрес- қазақ жастарының арасында кең тараған спорттық ойын. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі.Күрестің бұл түрінде балуандардың жас мөлшеріне де,салмағына да шек қойылмайды. Қазақ өз балуандарын құрмет тұтқан.Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы,Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар

ұмытылмастай болып есте қалады. Үлкен мерекелерде,жиын-тойларда,әр ру өз балуандарын күреске шығарған.

  9.Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп,

оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

  10.Көкпар - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай

тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді.

 

Просмотров: 698


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст