«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 сынып физика «Жұлдызды сәт» сайысы.

08.01.2018

Мақсаты: оқушылардың физикадан алған білімдерін тексеру,ой - өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу,физикаға қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: Ойын. Жарыс.

Жоспары:

1-жүргізуші:

Армысыздар, ағайын,

Ағайын тілін табайын.

Бармысыздар бауырлар,

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.

Есенбісіз ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар.

Көрермендер аман ба

Отырған анау, ойланып.

Бірге: Бәріңізге бір сәлем!

2-жүргізуші: Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

1-жүргізуші:

Онда сайысымызды бастайық.

Екеуіміз асып-саспайық.

Мінеки мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.

2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық сайысызымызды тамашалайық.

1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның жұлдыздары:

1.Айтжанов Шыңғыс

2. Қошқарбаев Нұрсұлтан

3. Ногубаева Гүлназ

4 Саутова Бөпежан

5.Тасқынбаев Әлібек

2-жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы: мектебіміздің физика пәні мұғалімдері Макарина Г.А. және Карпина О.Н.

1-жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 5 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

2- жүргізуші І-тур. «Блиц турнир»-деп аталады. Мұнда әр ойыншыға 30 секундта 5 сұрақтан қойылады (1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін ойыншыларға жұлдыздар таратылады, екі тур сайын қортынды жасалып, жұлдыздар саналып, жұлдызды аз жинаған ойыншы шығып отырады.

ІІ-тур. «Мен саған, сен маған»-деп аталады. Мұнда ойыншылар өздері алдын-ала дайындап келген сұрақтарын қарсыласына қояды. Егер ол жауап бере алмаса, жауап кезегі көрермендерге беріледі. Осы ойынның қортындысы бойынша жұлдыз саны аз бір оқушы ойыннан шығады.

ІІІ-тур. «Лабиринт»-деп аталады. Мұнда қалған 4 ойыншы физикадан, математикадан, логикадан алған білімдерін пайдаланып лабиринттен шығулары керек.

Олар ойланғанша, «Көрермендер сайысы» өткізіледі.

ІV-тур. «Сиқырлы текше»-деп аталады. Осы ойыннан кейін 2 оқушы ойыннан шығады.

V-тур. «Раундровер»-деп аталады. Бұл ойында екі оқушы маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп сөз жазса, сол жеңіске жетеді.

1- жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

2 - жүргізуші: Бірінші болып сұрақтарға Саутова Бөпежан жауап береді:

1. 10-6 дәрежесі қалай аталады? (микро)

2.Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)

3.Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы…(диффузия)

4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы (ақиқат) болжамды ұсынған ғалым.(В.Франклин)

5.Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)

Келесі ойыншы: Қошқарбаев Нұрсұлтан

1.«Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)

2.Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

3.Дене мен заттың айырмашылығы неде? (Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу тегін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды)

4.Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)

5.Жарық жылдамдығының шамасы неге тең? (3*108 м/с)

Келесі ойыншы: Тасқынбаев Әлібек

1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)

2.1 жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)

3.Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

4. Белгілі бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы кім ашты? Блез Паскаль

5.Күн шығатын жақ. (шығыс)

Келесі ойыншы: Ногубаева Гүлназ

1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс)

2. Санақ денесінің қозғалыстағы денеден айырмашылығы. (қозғалмайтын дене)

3. Уранның басқа планеталардан айырмашылығы неде? (өз белдеуіне перпендикуляр бағытта айналады)

4. Күн бататын жақ. (батыс)

5. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)

Соңғы ойыншымыз: Айтжанов Шыңғыс.

1.Табиғат туралы ғылым. (физика)

2.Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

3.Траектория нешеге бөлінеді? (2-түзу сызықты, қисық сызықты)

4.Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)

5.Көк шарфты суға салса не болады? (су болады)

(әр ойыншыға дұрыс жауап үшін, бір жұлдызшадан беріліп отырады)

2-жүргізуші: ІІ-тур. Келесі «Мен саған, сен маған»-атты турнирімізді бастаймыз. Ендеше, алдын-ала дайындап келген сұрағын бірінші ойыншы, Айтжанов Шыңғыс бастайды. Нұрсұлтанға, Нұрсұлтан, Гүлназға , Гүлназ, Бөпежанға, Бөпежан, Әлібекке, Әлібек, Шыңғысқа қояды. Дұрыс жауапқа екі жұлдызшадан беріледі. Егер, дұрыс жауап болмаса, басқа ойыншыларға мүмкіндік туады. Осы ойын қортындысы бойынша, жұлдыз саны аз бір ойыншымен қоштасамыз.

1-жүргізуші: ІІІ-тур. Үшінші турниріміз «Лабиринт»-деп аталады. Қалған 4 оқушыға тапсырмалар таратылады. Ойыншылардың міндеті, осы тапсырмаларды орындап,әділқазыларға көрсету. (Сендерге 3 минут уақыт берілсін)

1.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Формуласын жаз.

Жауабы: Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек: v=s/t

2.Гук заңы қалай тұжырымдалады?

Дененің созылуы( немесе сығылуы)кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал: Fсерп =kx F күштің өлшем бірлігі - Н k қатаңдық- Н/м өлщем бірлігі

3. Заттың тығыздығы деп нені айтады?

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.

p-m/v г/см, кг/м,

4.Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

Денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.

Денеге әрекет ететін ауырлық күшінің модулі дене массасына тура пропорционал:Fа= mg

Ойыншылар дайын болғанша, көрермендермен сайыс өткізейік.

1. Температураны өлшейтін құрал? ( термометр)

2. Табиғатты зерттеудің негізгі әдңістері: ( эксперимент, бақылау,теориялық)

3. Дененің биіктігін, енін, қалыңдығын физикалық шама деуге бола ма? Олар қандай бірлікпен өлшенеді? ( көлем, м3 ,см3, мм3)

4. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері кім? (Ю.А.Гагарин)

5. Жердің серігі. ( Ай)

ІV-тур. «Сиқырлы текше» Осы текшенің көмегімен экрандағы қалташадан қажетті номерді таңдаймыз.ата-бабаларымыздың пайдаланған өлшем бірліктері (осы ойыннан соң, жұлдыз саны аз екі ойыншы шығарылады)

№1 қалта. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шаманы ашқан ғалым? Исаак Ньютон 1643 - 1727 ж. ж

№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)

№3 қалта. Велосипедші А-дан В-ға дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл жағдайда велосипедтің алдыңғы және артқы дөңгелектерінің жүріп өткен жолдары бірдей ме? (бірдей)

№4 қалта. Уақыттың өлшем бірлігі секунд бұрынғы уақытта қалай аталған? (қас- қаққанша)

№5 қалта. .Ертедегі ата-бабамыз қолданған масса бірлігі? (пұт)

№6 қалта. Қазақ қыздарының тағатын орамалының өлшемі? (шаршы)

№7 қалта. .Қазіргі орын ауыстырыру бірлігі километрді ата-баабмыз қалай атаған?

(шақырым)

№8 қалта. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге ауысқанда атын өзгертеді?

№9қалта. Ғылымға «физика»-деген сөзді енгізген ғалым кім?(Аристотель)

№10 қалта. Самарқанда астрономия саласында өшпес із қалдырған кім?(М.Ұлықбек)

№11қалта. Ең алғаш радионы ойлап тапқан орыс ғалымы кім? (Попов А.С)

№12 қалта. Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Әубәкіров Т)

№13 қалта. Радиоактивті қозғалыс заңдарын зерттеген ғалым-инженер кім? (Циолковский К.Э)

№14 қалта. «Физика» сөзінің мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған ұлы бабамыз кім?(әл-Фараби

№ 15 қалта. Инерция заңын ашқан ғалым? Галилео Галилей (1564 - 1642 ж. ж)

Осы ойынның қорытындысы бойынша жұлдыз саны аз екі ойыншы ойыннан шығады.

V-тур. «Раундровер»-деп аталатын. Бұл ойында әр ойыншы өзінің физикадан, математикадан білімдерін барынша қолдану керек. (Ойыншылар плакатқа көбірек сөз жазуға тырысу керек)

Осы ойынның қортындысы шығарылып, орын алған оқушылар марапатталады.

Просмотров: 1420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст