Текст
10-сынып оқушылары мектепті абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Таңертең жұмыс орнында жұмыс қызады. Жігіттер үлкендерге мектеп қабырғасын ақтауға көмектеседі. Қыздар ақтап болған соң терезелерді тазалап жатыр. Балалар жұмыс істеп қана қоймай, сынып жетекшісімен кейбір сұрақтарын талқылауға да уақыт табады. Барлығы бірге болғанда, кез келген жұмыс оңай және тез орындалатыны көрінеді.