Текст
12 шілде күні 5 «А», 7 «А» сыныптары жазғы практикалық жұмысы өз жалғасын тапты. Күн мектеп ауласында гүлдерді, ағаштарды суарумен басталды. Содан соң балалар мектеп ауласындағы жеңіл қоқыстарды жинап, ауланы сыпырды.
Математикалық логика қосымша сабағынан екі командаға бөлініп, логикалық есептер шығарды. Онда белгісізді табуға, ойлануға арналған есептер болды. Қазақ тілі пәнінен жұмбақтар жасырып, мақалдардың жалғасын тауып, ребустар шешті. Бұл тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын, ойлау дағдысын арттырды.