Текст
20 маусым. Күн жаттығу залындағы таңғы жаттығудан басталды. Одан кейін «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты бейнероликті тамашалады. Олар караокеде дәл осындай атаумен ән орындады. «Туған өлкем» сурет байқауына қатысты. Содан кейін балалар жолда жүру ережесі бойынша жұмбақтарды тауып, «Өзенде абай бол» рөлдік ойынына қатысты. Олар әртүрлі ойындар ойнады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, бұл күн мазмұнды және қызықты өтті.