Текст
Бүгін,"Новочеркас ауылының ЖОББМ" КММ -де, 10 "Б" сынып оқушыларымен қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу, тіл дамытуға арналған сабағымыз қызықты өтті. Сабақта қарапайым фразалар мен таныс сөздерді еске түсірдік.Оқушылар жазғы демалыс кезіндегі жоспарлаған ойларын қазақша жеткізді. Сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірталас жүргізді,қойған сұрақтарына жауап алды. Оқушылар үйлеріне ерекше қуанышпен тарқасты.