Бүгін 1. 07. 2023 ж, 5 «а», 7 «а» сынып оқушылары маусым айында еңбектенген сыныптардан қабылдап жазғы практиканы бастады, Мектеп алаңын жайнатып тұрған гүлдер өсірілетін гүлзарлар көздің жауын алады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде мектеп алаңындағы практикалық жұмыстардың маңызы зор. Балалардың өсімдіктерге деген ұқыпты көзқарасы қалыптасады, биология сабағында алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алады. Жазғы тәжірибе кезінде балалар мектеп аумағын қоқыс пен арамшөптерден тазартуды, арамшөптерді тазалауды, суаруды және өсімдіктерді өсіруді бақылайды. Оқушылардың жұмысын сынып жетекшілері Тайшибаева Т.А, Абишева С.Р ... басқарады. Сынып жетекшілерінің міндеті – жазғы практикаға қатысушы оқушылардың таза табиғат аясындағы еңбектің пайдасын сезінуге, түсінуге, бағалауға және ең бастысы сұлулықты жасауға үйрету.