Текст
Бүгін, 8 маусым күні, мектеп жанындағы лагерь спорт алаңында жаттығулар және ойындармен басталды. Содан кейін балалармен "Біз табиғатпен доспыз, қоқыс бізге қажет емес" тақырыбында іс-шара өтті. Балалар "Фиксики. Табиғатты аяла" мультфильмін тамашалады. Жұмбақтар шешті. Қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне сұрыптап салды. Есіл өзенінің бойында "Табиғат анаға көмектесейік" ұранымен экологиялық сенбілік жасап, өзен бойындағы қоқыстарды жинастырдық.Күніміз өте қызықты өтті.