26 маусым. Күн әдеттегідей таңғы жаттығулармен басталды. Одан кейін «Жақсылық жасайық» атты іс-шара өткізілді, оның мақсаты балалардың бойында адамның маңызды қасиеті ретінде мейірімділік туралы түсінік қалыптастыру, рухани-адамгершілік сезімдерін дамытуға ықпал ету, жақындарына деген жақсы қарым-қатынасты тәрбиелеу болды. Балалар «жақсылық» пен «мейірімділік» деген не екенін айтып берді, сосын балалар Леопольд мысықпен бірге Мейірімділік еліне аттанды. Олар «Мейірімді болсаң» әнін шырқап, пойызбен станцияларды аралап саяхатқа шықты. «Гүл» станциясында балалар сиқырлы мейірімді сөздермен «Гүл-жеті-гүл» жасады.«Жақсы ертегілер» бекетінен өтіп, балалар ертегі кейіпкерлерін анықтады, одан кейін «Ойын» станциясында Леопольд мысықпен ойнады, мейірімділік туралы тақпақтар оқыды. «Жақсылық қайтып келеді», «Дүние жақсы адамдарсыз емес», «Жақсы іске асығыңыз», «Кезектегі адам» атты әлеуметтік роликтерді тамашалады. Оларды қарастыра келе, біз: «Біз берік дос боламыз, мейірімділік тоқаш емес, кәмпит емес, тек мейірімді болу керек және қиыншылықта бір-бірімізді ұмытпауымыз керек» деген қорытындыға келдік.