Текст
«Аяғымыз не істей алады? жүреміз, жүгіреміз» осы нақыл сөзбен және дене шынықтырумен үшінші күніміз басталды.
Ол неге ерекше? Себебі бүгін барлық іс- шаралар Астана күніне арналды. Олар: «Елорда тарихы – Ел тарихы», «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында балалар мұнда Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы қайталап, бейнероликтер тамашалады, Отан туралы тақпақ айтып, информатика әлеміне және қазақ тіліне саяхат жасады.
Күніміз қызықты ойындармен және туған жерге аралаумен аяқталды.