Текст
22 маусым әдеттегідей таңғы жаттығудан басталды. Жаттығудан кейін балалар сыныпта үстел ойындарын ойнады, консрукторлар, пазлдар жинады. Кейін жоспарға сай «Музей калейдоскопы» атты әлемдік мұражайларға онлайн саяхат жасады. "Иттерді мазақ етпеңдер" деген практикалық сабақ өткізілді. Осы тақырыппен сәйкес караокеде ән айтылды, бейнебаян тамашалады, кроссворд шешті. Иттерден қалай қорғану керегі жайлы ережелермен танысты. Күніміз табиғат аясына серуенмен аяқталды.