Текст
23 маусым балалармен таза ауада таңғы жаттығу жасадық. Кейін сыныпта "Ең әдемі ғимарат" конструкторлардан құрастыру ойынын ойнадық. Жеңімпаздар тәтті кәмпитке ие болды. Кейін жоспарға сай «Жауапкершілік және оны іске асыру нысандары. "Жаман әдеттер" тақырыбында әңгімелестік. Әңгіме барысында балалар жаман және жақсы әдеттері туралы айтып берді. Балалармен тест өткіздік. Кейін "Ертегі терапиясын" өткіздік. Мұнда балалар ертегілерді оқыды, сұрақ жауап арқылы оқыған ертегілерімен бөлісті. "Шалқан" ертегісін сахналады. Күніміз көңілді өтті.