Текст
9 маусым, күніміз әдеттегідей таңғы жаттығудан басталды. Барлық балалар "Бәріміз гүл сыйлаймыз" және "Жануарларды тамақтандырамыз" атты экологиялық акцияларға қатысты.Содан кейін "Көңілді старт" спорттық жарыстарын өткіздік. Мұнда балалар екі топқа бөлініп: "Фейерверк"," Қаппен секіру", "Ең ұзын секіру"," Балшық", "Жүк тасушылар" деген сайыстарға қатысты. Топ басшылары "Ең мықты" деп аталатын сайыста гантель көтеріп жарысты. Сайыстың соңында екі топтың ұпайы бірдей болып, достық жеңді. Балаларға сайыс қатты ұнады. Сайыстан кейін табиғат аясына серуенге шықтық, онда балалар құрбақалар, ұлулар мен суырларды тамашалады.