Текст
Екінші күніміз ән айтудан және дене жаттығуларын орындаудан басталды, біртіндеп «Пип-поп» ойынына көштік. Әрі қарай балалар ұран, әндерді таңдап үйренді. Танымдық сағатта олар сөзжұмбақтарды, қазақ және орыс тілдерінде әріптерді қайталап, бастыртып көрсетті. Балалармен тағы да жолда жүру ережелері және өрт қауіпсіздігі туралы бейнеролик көрсетілді, сонымен қатар «Міне, менің Отаным қандай кең» тақырыптық сағатында білімдерін кеңейтті. Ал біздің күніміз таза ауада қызықты ойындармен аяқталды.