Текст
3 шілде. Балалар әдеттегідей уақытымен жиналды. Бойларын сергітіп , ойындар ойнаудан басталды. Содан соң, мектеп алаңындағы гүлдерді суардық. Мектеп алаңын қоқыстан тазарттық.
Бүгін жазғы үйірме сабақтар жоспары бойынша қазақ тілінен және математикалық логика бойынша әртүрлі ойындар ойналды. «Адасқан әріптер», «Бір әріптен басталатын жауап» ойындарын ойнадық. Математикалық логикадан «Шындық немесе жалған» ойыны ойналды. Бүгінгі күніміз балалар үшін өте көңілді және пайдалы болды.