Текст
16 маусым күнімізді біз таңғы жаттығулардан бастадық. Таңғы жаттығудан кейін балалар «Тістерімізді қалай күту керек?» деген тақырыпта Фиксики мультфильмін тамашалады. Содан кейін балалар ұлдар мен қыздар тобына бөлініп, «Балалық шақ әрқашан сенімен» атты калейдоскоп ойынын ойнады. Бұнда жыл мезгілдері туралы жұмбақтардың шешуін тауып, «Көңілді сайқымазақ», «Балықшы», «Мені сал», «Кәмпит же», «Аралар» сайыстарына қатысып, жасырылған сөздерді тапты. Күн өте қызықты өтті.